Спорт
1 мин оқу 140

Өткен аптада спорттың қай түрлерінен жүлде түсті

<p style="text-align: justify;">Сала министрлігі спортшылардың жетістіктері жөнінде апталық шолу-мағлұмат жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Өткен аптада спорттың қай түрлерінен жүлде түсті

Мәнерлеп сырғанау: Cranberry Cup International 2025 Челленджер (АҚШ-тың Норвуд қаласы) турнирінде Софья Самоделкина 203,15 ұпаймен (65,80+137,35)  күміс жүлдегер атанды.

Күрес: Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен ересектер арасындағы Германия Гран-приінде отандас балуандар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдармен жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Әуесқой бокс: Бангкокта (Таиланд) Азия чемпионатында еліміздің жасөспірімдер (U-19) құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль иеленді.

Үстел теннисі: АҚШ-тың Спокане қаласында WTT Feeder халықаралық жарысында Зәуреш Акашева үздік үштікке енді. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге қола жүлде жеңіп алды.

Теннис: Болгарияның бас шаһары Софияда ITF Juniors J30 сериясында 16 жастағы отандасымыз Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды.

Бөлісу:
Өткен аптада спорттың қай түрлерінен жүлде түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар