Жаңалықтар
1 мин оқу 271

Қостанайда халыққа қызмет ету орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

05-08-2015-CON 01ҚОСТАНАЙ. 5 тамыз. Қостанайдағы Қазпошта халыққа қызмет ету орталығының бөлімшесі ашылды. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір тұрғындар мемлекеттік түрлі құжаттар алу үшін халыққа қызмет ету орталығына барады. Енді ақпараттық қызметтің барлығын Қазпоштаның орталық бөлімшесінен де алуға болады. Орталық қызметкерлері қала тұрғындарының мекенжай анықтамасы, зейнетақы аудармалары, тіркелген құқық туралы ақпараттар үшін жиі келетіндігін айтады. Тіпті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бала бақшаға баласының кезегі қалай жылжып отырғанына дейін біле алады. Орталықтың мұндай филиалдары Қостанай қаласының өзге жерлерінде де орналасқан. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.
Бөлісу:
Қостанайда халыққа қызмет ету орталығының жаңа бөлімшесі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар