Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз дүниеге келді
<p style="text-align: justify;">Өскеменде облыстық Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 45 грамм болатын қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мамандардың айтуынша, мұндай салмақтағы сәбилердің дүниеге келуі өте сирек кездеседі.
- Жаңа туған нәрестенің салмағы – 6045 грамм. Бұл біздің тәжірибемізде сирек болатын оқиға. Мұндай сәт тек ата-аналар үшін ғана емес, босануды қабылдаған дәрігерлер үшін де ерекше есте қалады, – деп атап өтті Ана мен бала орталығының мамандары.
Босану сәтті өтіп, ана мен сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсы.
- Өте бақыттымын. Денсаулығым жақсы. Бізге ерекше қамқорлық көрсеткен орталық ұжымына алғысым шексіз, – деді қуанышымен бөліскен жас ана.
Қыздың есімі әзірге таңдалған жоқ.