Құрылыс
1 мин оқу 60

Атом электр стансасының құрылысы басталды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектенов &laquo;Росатом&raquo; мемлекеттік корпорация&shy;сы&shy;ның бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесу өткізді. Онда елімізде бой көте&shy;ретін бірінші атом электр стансасының құрылысы туралы айтылды.</p>

Атом электр стансасының құрылысы басталды

Әуелі Олжас Бектеновке «Росатом» корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тауарлар мен қыз­меттердегі отандық қамту тетіктері, жер­­­гілікті құрал-жабдықтар мен материал­­­дар­ды пайдалану, сондай-ақ кадр­лық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселе­лері тал­қы­ланды. Ядролық-отын циклі үдерістерін локализациялау мәселе­лері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетел­дік әріптестерді бірік­тіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды.

Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысы аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мем­лекет басшысының бақы­лауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.

Бөлісу:
Атом электр стансасының құрылысы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар