Хоккей
1 мин оқу 50
«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді
<p style="text-align: justify;">«Барыс» ХК қақпашыларының дайындығына жауапты болып Константин Барулин тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Константин Барулин хоккейдегі алғашқы қадамын Қарағандыда жасады. Ол өз мансабында әлем чемпионатының элиталық дивизионында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, КХЛ-дің үздік қақпашысы атанып, алты рет ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысты.
Бапкер ретінде Константин Барулин Швецияның «Бурос» клубының жастар және негізгі құрамдарымен жұмыс істеп, болашағы зор қақпашылардың дамуына үлес қосты.
Бөлісу: