Аймақтар
1 мин оқу 30
СҚО-да демалыс күндері 800 рет жол тәртібі бұзылған
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша облыс аумағында 7 айдағы демалыс күндерінде ғана 800 рет жол тәртібі бұзылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл 7 айдағы 60 сенбі мен жексенбінің әр күнінде 13 жол тәртібі бұзылған деген сөз. Осы күндері 16 мас жүргізуші ұсталған.
Барлық ЖКО саны 308, олардың салдарынан 23 адам жан тапсырып, 419 адам жарақат алған.
Бөлісу: