Жыл соңына дейін студенттерге 29 жатақхана пайдалануға беріледі
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде биыл 10 439 орындық 29 жатақхананы (ЖОО студенттеріне 8 325 орындық 20 жатақхана, колледж студенттеріне 2 114 орындық 9 жатақхана) іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім қылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгінде 4 жатақхана пайдалануға берілді. Олар – Астанада 2 876 орындық 2 жатақхана және Түркістан қаласында 652 орындық 2 жатақхана.
Оқу жылының басына дейін 4 228 орындық 19 жатақхана ашылады деп күтіліп отыр. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары.
Одан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 2 683 орындық 6 жатақхана іске қосылмақ. Оның ішінде 5 жатақхана Алматы қаласында және 1 жатақхана Астана қаласында.