Күрес
1 мин оқу 110

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола, барлығы 7 медаль жеңіп алды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

Қазақ балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) барлық белдесуде жеңіп, чемпион атанса, 67 келі салмақ дәрежесінде белдескен Багдат Сабаз да  қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды.

Күміс жүлдені – Ербол Камалиев (60 кг дейін) пен Омар Сатаев (82 кг дейін) иеленді.

Ал Айбек Сабырбеков (60 кг дейін), Асаухат Мұхамадиев (63 кг дейін)  Мейіржан Шермаханбет (67 кг дейін) үшеуі үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бөлісу:
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар