Баға
1 мин оқу 90

Тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулады

<p style="text-align: justify;">2025 жылдың басынан бері Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бағалар әлі де өсіп келеді, бірақ шілде айында қарқыны біршама бәсеңдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулады

Halyk Finance аналитикалық орталығының мәліметінше, жеті айда жаңа пәтерлердің бағасы орта есеппен 7,1%-ға, ал екінші нарықтағы тұрғын үй 6,3%-ға қымбаттады.

Жаңа тұрғын үйлер ішінде ең көп қымбаттаған қала – Павлодар. Мұнда жыл басынан бері бірден 18,9%-ға өскен. Дегенмен, шілде айында баға өзгермеген. Пәтерді жалға алу құны болса, аса қатты секірмей, 2,3%-ға ғана көтерілді. Сарапшылар биылғы жылдың соңына дейін баға қайтадан жедел өседі деп болжайды.

Екінші нарықта жағдай әртүрлі. Мысалы, Қарағандыда жыл басынан бері баға 0,1%-ға, Қонаевта 1%-ға төмендеген. Ал Алматыда керісінше тұрақты өсім бар. 17%-ға қымбаттады. Ел бойынша орташа өсім 6,3% шамасында, бұл салыстырмалы түрде баяу қарқын саналады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі бәсеңдеу – уақытша құбылыс. Жыл соңына қарай құрылыс материалдары мен сұраныстың артуына байланысты тұрғын үй бағасы қайтадан жылдам өсуі мүмкін.

Бөлісу:
Тұрғын үй бағасының өсу қарқыны баяулады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар