Қоғам
1 мин оқу 40

Сегіз жастағы шебер

<p style="text-align: justify;">Сегіз жастағы Айдын Бекжанұлы ұялы телефондарды толық бұзып, қайта жинай алады. Бұзылғанын жөндеп, талай тұтынушының алғысын алып үлгерген жас шебер Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрады.</p>

Сегіз жастағы шебер

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының оқушы­сы жазғы демалысында осылай­ша әкесіне қолғабыс етіп жүр. Биыл төртінші сыныпқа баратын Айдын телефондағы техни­ка­лық ақауларды өздігінен анық­тап, жөндеуді үйреніп алған. Әкесі – Бекжан Өтенов Абай ауылын­да 4-5 жылдан бері қал­та теле­фонын жөндеумен ай­на­­лы­сады. Шағын шеберханасы бар. Әкесінің айтуынша, бала­сы­ның шеберлігіне кейде өзі де таң­ғалады екен. Кәсібін үйре­тіп, шебер­лігін шыңдап жүрген Бекжан ұлының ертеңгі күні заманауи технологияны меңгерген инженер болып шығатынынан үмітті. Айдынның зеректігі мен техникаға деген қызығушылығын, қабілетін ерте аңғарған ата-анасы бағыт беріп, дамуына мүмкіндік жасап келе жатқанын айтады.

 

Түркістан облысы

Бөлісу:
Сегіз жастағы шебер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар