Аймақтар
3 мин оқу 70

Арғықазақ мұрасын зерделеген

<p style="text-align: justify;">Ұлттың тарихын, шежіресін түрлі ұғымдар мен жер-су атауларының этимологиясын, руханиятының бастау көзін тауып-тануына ерекше жол салған қайталанбас дарынды зерттеуші Серікбол Қондыбайдың ғылыми-танымдық мұралары &ndash; қазақтың ғана емес, бүкіл түркі тектес елдердің зор қызы&shy;ғу&shy;шылығына ие. Биыл Ақтау қаласы түркі тілдес елдердің рухани астанасы болуы жұрт арасында оның шығармаларын зерделеуге, насихаттауға тағы бір серпін берді. Мұнда &laquo;Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі&raquo; атты IV халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен &laquo;Үркер&raquo; халық&shy;&shy;&shy;ара&shy;лық қысқаметражды анимациялық фильмдер фестивалі өтті.</p>

Арғықазақ мұрасын зерделеген

Конференцияға еліміздің жетекші ғалымдарымен бірге Түр­кия, АҚШ, Жапония, Мажарстан, Әзербайжан, Қырғызстаннан мифология, тарих, тілтану, өнертану салаларының белгілі зерттеушілері қатысып, С.Қондыбай­­дың мифологиялық мұрасын цифр­­ландыру және оны жаңа буынға танымал етудің механизмдерін талқылап, бірлескен халықаралық жобалар туралы кеңес құрды. 

Фестивальға ұсынылған 50-ден астам фильмнің 8-і негізгі, 9-ы сту­дент­тік байқауға өтті. Фильмдер түркі мифо­­­­­ло­гиясының ең күрделі тақы­рып­тарын — аспан-жұлдыздар жүйесі, дүниенің құры­лымы, батырлық эпос бейнелері арқылы көрсетті.  

«Биыл алғаш рет «Серікбол Қондыбай еңбектерінің үздік анимациялық бейім­делуі» аталымын жариялап отырмыз. Бұл — болашақта түркі мифология­сына арналған толық­метрлі мульт­­­­фильмдер жасау­ға мүмкіндік береді. Осылайша, автордың ғылы­ми еңбектерін кеңінен насихаттап, түркі халықтарының мәдени құндылықтарын анимация өнері арқылы жаңа деңгейде танытуға бағытталған», дейді Маң­ғыстау облыс­тық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ж.Төремұратұлы.

Ұйымдастырушылар анимация мен ғылымды ұштастыра отырып, түркі халықтарының мифологиясын заманауи
көз­­қараспен жеткізуді мақсат еткенін айтады.

– Серікбол Қондыбайдың ең­бектерін дәріптеу, түркі ми­фо­логиясын анимация тілі­мен жеткізу – өте маңызды. Бү­­гінгі «Үркер» фес­тивалі мен халықаралық конфе­рен­ция – Ақтаудың мәдени астана ретіндегі алғашқы қадам­да­ры­ның бірі. Бұл бастама бо­ла­шақ­та халықаралық мәде­ни жоба­ларға жол ашып, Ақ­тау­ды түркі халықтары за­ма­науи мәдени диа­­­ло­гінің орталығына айналдырады, – дейді Түрк­сой ұйымы түркітілді қауым­­­дастықтармен қарым-қатынастар депар­­­­та­ментінің басшысы Джавид Мөвсүмлү.

«Серікбол Қондыбай мұ­расы және түркі әлемі» IV халықаралық ғылыми-теория­лық конференциясы аясында өткен іс-шараға қатысушы шетелдік және отандық ға­лымдар, зерттеушілер, жазушылар ғалымның кіндік қаны тамған Маңғыстау ауданына арнайы барып, мемориалдық музейіне ат басын тіреді. Туған жерінде автордың әйгілі «Қазақ даласы және герман тәңірлері» атты кітабының ағылшын тіліндегі нұс­­қа­сының — «The Kazakh Steppe and the Germanic Gods» аудармасының тұсау­ке­сері өтті.

Ғылыми-көпшілік стильде жазылып, герман-скандинав мифі мен эпосының арғы тегі түркі дүниесімен байланысы кеңінен зерттелген еңбек 2000 жылы жарық көрген еді. Еңбекте ғалым мифтер­ді түр­кілік көзқараспен түсін­діріп, өзіндік тың тұжырымдар ұсын­ған. Ғалымдар кітап­тың ағыл­шын тіліндегі нұсқасының жа­рық көруі «Серікбол Қонды­бай мұра­сының халықаралық деңгейде на­си­хат­­­­талуына, әлем ғалымдарының наза­­рын түркі дүниесіне аударуға үл­кен мүмкіндік берді» деп атап өтті.

Қонақтар музей залдарын көріп, «Қараман ата» киелі орнына барды, ғалым­ның рухына зиярат жасады. Айрақты, Шерқала секілді табиғи ланд­шаф­тарды аралап, Отпан тау та­рихи-мәдени кешенін тамашалады.

Екі күнге созылған іс-шара қоры­тын­дысында «Үркер» қыс­қамет­ражды анимациялық фильм­дер фестивалінің жеңім­паздары анық­тал­ды. Мифо­логияны үздік бейне­легені үшін «Балалы үй базар» туындысымен қазақстандық М.Жұ­баныш, үздік ұлттық анимациялық фильм «Жарқанат пен құрбақа» туын­дысымен татарстандық С.Киатров, үз­дік студенттік фильм «Түрлі түсті қанат­тар» туындысымен өзбекстандық Д.Насирова мен Д.Забихиддинов, үздік қыс­қаметрлі фильм «Тұран» туынды­сымен қазақстандық Ж.Байдарбек ма­рапат­талды. Сондай-ақ қазы­лар алқа­­сы­ның арнайы жүлде­сі «Дәруіш» туындысымен Я.Жұ­ма­баеваға, «Көрермен көзайымы» М.Жұ­банышқа, ТҮРКСОЙ арнайы жүлдесі «Нарғыз» туындысы үшін Әзербайжаннан келген Масуд Панахиға табысталды. Ал фестивальдың бас жүлдесі гран-при «Алтын көл» туындысы үшін отандасымыз Г.Тазабековаға бұйырды.

Конференцияның ашылуында ағыл­шын тіліндегі «Арғықазақ мифологиясы» кітабының тұсау­кесері өтті. Арада бір-екі күн өткенде Серікбол Қонды­бай­­дың мемориалдық музейі ресми түрде ТҮРКСОЙ Музейлер одағының мүшесі атанды. Бұл ғалымның туған жері Шетпе ауылында орналасқан шағын музейдің алыс көкжиекке арала­сып, жаңа тыныс, жаңа қадам­дарға жол бастауы болмақ.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Арғықазақ мұрасын зерделеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар