Аймақтар
1 мин оқу 140

Атырауда урбанистика орталығы ашылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында мұнай компаниясының демеушілігімен ашылған ретро саябақ бар. Енді урбанистика орталығын ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда урбанистика орталығы ашылуы мүмкін

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, мұнайлы шаһарға урбанистика орталығы қажет. Осы орайда орталық мамандарына бірнеше міндет жүктеледі.

«Орталықтың негізгі міндеті – қаладағы қоғамдық кеңістіктердің, соның ішінде саябақтардың, көшелер мен гүлзарлардың санын арттырып, шаһар кейпін жақсарту және дизайн-код енгізу. Урбанистика орталығы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жанынан құрылады. Орталықтың ұсыныстары жаңа нысандарды жобалау кезінде ескеріледі. Орталық жұмысына урбанистика саласының мамандары тартылады», дейді Серік Шәпкенов.

Бөлісу:
Атырауда урбанистика орталығы ашылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар