Отбасы
1 мин оқу 650

Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген

Атырау облысының прокуратурасынан мәлім еткендей, барлық дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарына алынды. Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін сотталды. Оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Басқа ата-аналарға қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапқа әкеп соқтыратынын ескертеді», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бөлісу:
Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар