Аймақтар
1 мин оқу 100

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 тамыз күні «Астана – Петропавл» автожолының 284-шақырымында болған. Mercedes-Benz пен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz көлігіндегі тағы төрт жолаушы мен Toyota Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар