Төтенше жағдай
1 мин оқу 90
Қызылорда облысында сауда үйі өртенді
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпып, ғимараттың шатыры жартылай құлап түскен.
– Өртті сөндіру ғимараттың құрылыс ерекшеліктеріне, жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты қиынға соқты, – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай тіркелген жоқ.
Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының шамамен 20 қызметкері және 6 техника жұмылдырылды.
Бөлісу: