Қоғам
1 мин оқу 60

Биылғы 7 айда есірткі саудалаған 20 мың сайт бұғатталған

<p style="text-align: justify;">ІІМ мәліметінше, осы жылдың 7 айында&nbsp;есірткіге қатысты&nbsp;4655&nbsp;құқықбұзушылық анықталған. Олардың&nbsp;2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатында болғаны белгілі болып отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы 7 айда есірткі саудалаған 20 мың сайт бұғатталған

Қылмыспен күрес барысында есірткі жасырушылардан бастап есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға дейінгі схемалар ашылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 24 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде үш трансұлттық қылмыстық топ жойылған. 12 басшы мен 48 белсенді қатысушы қолға түскен.


«Халықаралық серіктестік аясында Ресей Федерациясымен бірлесіп, өткен жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол ел аумағында синтетикалық есірткі өндіру бойынша бірнеше есірткі зертханасының жұмысын ұйымдастырған. Жаңа цифрлық шешімдердің арқасында жастар арасында танымал есірткі сайттарының бұғатталуы үш есеге артты. Олардың саны 20 мың. Шоттарында 2,5 миллиард теңге жинақталған күдікті операциялармен байланысты 38 мың банк картасы бұғатталды», деді ІІМ есірткі қылмысы қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан. 

Биыл мамандар 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеген. Сонымен бірге синтетикалық есірткінің тәркіленген көлемі үш есеге артып, бір тоннадан асқан. Есірткі өсірудің 322 фактісі және 76 контрабанда дерегі анықталған.
Сондай-ақ 102 есірткі зертханасы, олардың 11 синтетика өндіру бойынша, 91 фитозертхана жойылған.




Бөлісу:
Биылғы 7 айда есірткі саудалаған 20 мың сайт бұғатталған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар