Есірткі
1 мин оқу 50

Қызылордада заңсыз есірткі егістігі анықталып, жойылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қарасора-2025&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның &laquo;Бүркіт&raquo; арнайы жасағы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңынан ірі есірткі алқабын тауып, жойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада заңсыз есірткі егістігі анықталып, жойылды

Іс-шара кезінде салмағы 58 килоға жуық 1156 түп есірткі тәркіленіп, оқиға орнынан жалпы салмағы 1 кило 610 грамм кептірілген марихуана табылыпты. Осыған байланысты 42 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері 172 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, 959 кило есірткі тәркіленді. Бес фитозертхана анықталған. Облыс аумағында есірткі өсірумен айналысқан 36 адам ұсталыпты. 

Бөлісу:
Қызылордада заңсыз есірткі егістігі анықталып, жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар