Қылмыс
1 мин оқу 150

БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған

<p style="text-align: justify;">Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған

БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағанындай, күдікті бұрынғы қызының интимдік сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан үш жыл бойы ақша талап еткен.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, осы уақыт аралығында жәбірленуші 9 млн теңгесін берген. Бопсалау деректері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген.

- Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар