Отбасы
1 мин оқу 190

Жүзден жүйрік шыққан отбасы

<p style="text-align: justify;">Республикалық &laquo;Мерейлі отбасы&raquo; конкурсына Солтүстік Қазақстан облысының атынан Шал ақын ауданының тұрғындары - Өзбековтар отбасы түсетін болды. Олар байқаудың облыстық деңгейінде бас жүлдені жеңіп алды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жүзден жүйрік шыққан отбасы

Отанасы Кәмшат Өзбекова өздерінің отбасы бірлігі жарасқан жылы ұя екенін жеткізді. «Біздің отбасы жеті адамнан тұрады. Отағасым механизатор, өз ісінің маманы. Анамыз бізбен тұрады. Үш баламыз мектеп жасында. Үшеуі де облыстық, аудандық пән жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алған. Үлкен қызымыз мектеп бітірген», дейді ол.

Екінші орынды Мамлют ауданынан келген Кустовтар жанұясы, ал үшінші орынды Петропавл қаласының тұрғындары – Ахметжановтар отбасы иеленді.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу:
Жүзден жүйрік шыққан отбасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар