Көрме
1 мин оқу 640

Жүзжылдық тарих айнасы

<p style="text-align: justify;">Ғасырдан астам тарихы бар &laquo;Kazinform&raquo; халықаралық ақпарат агенттігі мерейтойын ерекше форматта атап өтті. Фотокөрмеге агенттіктің қорынан алынған сирек кадрлар қойылып, жұртшылық өткен дәуір тынысымен танысуға мүмкіндік алды.</p>

Жүзжылдық тарих айнасы

«Kazinform» агенттігінің 105 жылдығына орай ұйым­дас­­ты­рылрған көрмеде өт­кен ғасырдың 30-жыл­да­р­ы­нан бү­гінгі күн­ге де­йін­гі ел өмі­ріндегі маңыз­ды оқи­ға­ларды тү­сір­ген агент­тік тілші­лерінің біре­­гей мұ­рағат­тық және экс­клю­зив­ті фотос­у­рет­тері қо­йыл­ған. Көп­­те­ген фото­сурет алғаш рет қа­лың оқырманға ұсынылды.

1

Көрме материалы алты бө­­лімнен тұрады: 1928–1959 жыл­­дардағы және Екін­ші дү­­ние­­­жүзілік соғыс кезін­­дегі Қа­­зақстан; 1960–1985 жыл­дар­­дағы ірі құрылыс жобала­ры, қала­лар мен аудан­дар­дың экономи­ка­лық дамуы; Алматы мен Аста­на­ның кейін­гі 40 жыл­дағы шежі­ресі; әлеу­мет­тік-мә­дени өзгеріс­тер; сондай-ақ мем­­лекеттің даумына үлес қос­­қан көрнекті тұлғалар портрет­тері.

2

«Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан көрменің басты ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, мұнда қатталған суреттердің біразы халық назарына алғаш рет ұсынылып отыр. «Кейін­гі екі жылда Ресей мен Қазақ­стан мұрағаттарында ауқымды ізденіс жұмысы жүргізіліп, он мыңнан астам фото мен құжат жиналды. Бұл – суреттер ғана емес, еліміздің кейінгі жүз­жылдық тарихының айнасы. Көрмеде соғыс пен соғыстан кейінгі кезеңдер, индустрияландыру жылдары, тәуелсіздік дәуірі, Алматы мен Астананың құрылыс сәттері, елге еңбегі сің­ген адамдардың бұрын-соң­ды жарияланбаған сурет­тері бар», деді ол.

Бөлісу:
Жүзжылдық тарих айнасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар