Шаруашылық
1 мин оқу 420

Егіс алқаптарын әртараптандыру қарқыны күшейді

<p style="text-align: justify;">Президенттің ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі еселеу жөніндегі тапсырмасын орындауға арналған Жол картасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Егіс алқаптарын әртараптандыру қарқыны күшейді

2025 жылы еліміздегі жалпы егіс көлемі 322,8 мың га-ға артып, 23,6 млн га-ға жеткен (2024 жылы – 23,3 млн га). Соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 630 мың га-ға азайып, 16 млн га-ны құраған, ал бидай егістігі 884,6 мың га-ға қысқарып, 12,3 млн га болды.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше босатылған жерлер анағұрлым табысты дақылдарға берілді. Күнбағыс рекордтық 1,8 млн га аумақта егілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 481,5 мың га артық. Картоп егістігі де өсім көрсетіп отыр: көлемі 9,3 мың га-ға артып, 131,2 мың га-ға жетті. Оның ішінде ұйымдасқан шаруашылықтардағы өсім 12,5 мың га құрап, 84,5 мың га-ға жетті.

Сонымен қатар суармалы дақылдар алқабы азайтылып жатыр. 2025 жылы мақта 144,5 мың га жерге егілді, оның ішінде 50 мың га тамшылатып суарумен қамтылған. Қызылорда облысында күріш алқабы 85,6 мың га-дан 80,9 мың га-ға дейін қысқарды.

Егісті әртараптандыру ішкі азық-түлік балансын нығайтуға, жекелеген дақылдарға тәуелділікті азайтуға, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын және фермерлердің табысын арттыруға мүмкіндік береді. Ал жер ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалану елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізіне айналуға тиіс.

Бөлісу:
Егіс алқаптарын әртараптандыру қарқыны күшейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар