Телефонға жолданған SMS әскерге шақыру туралы ресми хабарлама ретінде танылады
<p style="text-align: justify;">«Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы мамырдағы қаулысына өзгерістер енгізуге қатысты тиісті құжаттың жобасы жарияланды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы жобаның мақсаты азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізуде бірыңғай тәсіл енгізуге арналған.
— Жоба әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін нақтылауға, әскерге шақыруды кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет көрсету арқылы іске асыруға, әскери қызметке жататын азаматтардың телефон нөмірлеріне SMS-хабарламаны хабарландырудың тиісті түрі деп танытуға бағытталған, — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.
Құжат жобасы биылғы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.