Спорт
1 мин оқу 330

Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Әл-Наср&raquo; клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта алғаш рет төрт түрлі клуб пен ұлттық құрама сапында 100 голдан соққан футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.&nbsp;</p>

Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты

40 жастағы форвард Сауд Арабиясының Суперкубогы финалында «Әл-Ахлиге» қарсы ойында пенальтиден гол соғып, Эр-Рияд клубы үшін 100-ші добын еншілеген.

Роналдудың есебінде: мадридтік «Реал» сапында – 450 гол, «Манчестер Юнайтед» үшін – 145 гол, «Ювентус» сапында – 101 гол және «Әл-Наср» құрамында – 100 гол бар. Ал Португалия құрамасы үшін ол 138 рет мергендік танытқан.

Бұған дейін Криштиану Роналду әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы атанған болатын. Оның табысы $275 миллионға жеткен. Бұл Forbes тарихында кәсіби спортшылар арасындағы үшінші ең жоғары жылдық көрсеткіш саналады. 

Бөлісу:
Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар