Әлем
1 мин оқу 50

Түркияда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Оқиға Эрдемли ауданына қарасты Аяш ауылындағы Йемишкуму жағалауы маңында, D400 Мерсин &ndash; Анталья тасжолында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Haberglobal басылымына сілтеме жасап.</p>

Түркияда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Алдын ала деректерге сәйкес, жүргізуші рөлде қалғып кетіп, жол жиегінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Апат салдарынан екі адам, соның ішінде бір бала көз жұмған. Сонымен қатар тағы он жолаушы жарақат алған. Айта кетейік, жарақаттанғандардың арасында жазғы лагерьге бара жатқан оқушылар да бар екендігі хабарланды.

Қаза болғандардың денелері тексерістен кейін мәйітханаға жөнелтілген, ал зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен жергілікті билік өкілдері барған. Шағын автобустың бір бөлігі тіркемеде қалып, дөңгелектерінің бірі жүк көлігінің астына қысылып қалғаны белгілі болған.

Жүргізуші тергеу кезінде рөлде ұйықтап кеткенін растаған.

Бөлісу:
Түркияда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар