Аймақтар
1 мин оқу 80
Атырауда «Потенциал Ойл» компаниясы 7,2 млн теңге айыппұл төледі
<p style="text-align: justify;">Атырау облыстық экология департаментінің мамандары аталған компания таратынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру дерегін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әкімшілік істі қарау нәтижесімен заңды тұлға кінәлі деп танылған.
«Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі негізінде «Потенциал Ойл» ЖШС-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Компаниядан 7 249 870 теңге мөлшеріндегі айыппұл өндірілді», деп хабардар етті департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу: