Оқиға
1 мин оқу 30
Қарағанды облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді
<p style="text-align: justify;">«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысының тұрғыны есірткі тасымалдау кезінде қолға түскен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

35 жастағы азамат 5 грамм гашишті өткізбек болған. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленген.

Сонымен қатар, айғақ ретінде электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамалған. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілген.
Бөлісу: