Кино
1 мин оқу 31

Үлкен экранда – «Бақыт құшағында»

<p style="text-align: justify;">23 қазаннан бастап ел кинотеатрларында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында түсірілген &laquo;Бақыт құшағында&raquo; жаңа мюзиклі ұсынылады. Кинокартина бастан-аяқ ұлы компози&shy;тордың әндерімен сүйемелденген. Күрделі әрі қызықты жанрдағы туындының бас продюсері әрі режиссері &ndash; New York Film Academy түлегі Санат Шапашов.</p>

Үлкен экранда – «Бақыт құшағында»

Режиссердің айтуынша, фильм үшін арнайы Ш.Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саунд­трек ретінде ұсынылады. Туын­дының шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау көрсеткен. Айта кетейік, аталған мюзикл – режиссердің дебюті.

«Бақыт құшағында» мюзик­лінде Шәмшінің шығарма­шы­лығы, қазақтың тілі, өнері мен Астананың сұлулығы көрсетіледі.

«Жалпы, негізгі басты мақса­тымыз, негізгі идеямыз – ел­орда­мызды, мәдениетімізді көрсету. Өйткені соңғы то­лық­мет­раж­ды фильм Астанада ­15 жыл бұ­рын түсірілген. Басты идеям, мақ­са­тым – елімізге, мүмкін бүкіл ­әлем­ге біз­дің ­ел­ор­дамызды, мәде­ние­тімізді таныту», дейді Санат Шапашов.

Айта кетейік, джукбокс мюзикл дегеніміз – танымал әндерді пайдаланатын сахналық қойылым немесе музыкалық фильм.

«Кастинг өте ауқымды өтті. Екі мың бишінің ішінен 50-і ғана таңдалды. Үздіктердің үздігі, әде­мілердің әдемісі ғана қатысты. Өйт­кені бұл – мюзикл. Үш жанрды қамтиды: актерлік, би және ән», дейді хореограф Уәлитбек Сиязбек.

Туындының басты рөлдерін Дәурен Серғазин, Әлия Әнуарбек, Шахмұрат Ордабаев, Азамат Саты­бал­ды, Айгүл Иманбаева, Айнұр Ильясова сомдайды.

Бөлісу:
Үлкен экранда – «Бақыт құшағында» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар