Тағзым
1 мин оқу 60

Мәдениеттің жаршысы да, жанашыры да еді...

<p style="text-align: justify;">Ол жаңа&shy;лық&shy;тың жаршысы, өнер мен мәдениет&shy;тің қамқор тұлғасы еді.&nbsp; Театр мен драматур&shy;гия&shy;ның өзекті мәсе&shy;ле&shy;лерін бір адамдай түсініп, тұшынып жазатын.</p>

Мәдениеттің жаршысы да, жанашыры да еді...

Талай мәр­те  өткізген іс-шарамыздың ­ба­сы­­нан аяғына дейін қаты­сып, «Egemen Qazaqstan» газе­тіне жариялағанша тыным ­тап­­пайтын. Өте жауап­кершілігі мол Айгүлді дәл осылай кете ­барады деп кім ойлаған?.. Рас, соңғы кез­дері «науқастаныңқырап жүрмін, Көкшетауға демалыс орнына барып ем­деліп келемін» дегенін естігенбіз. Былтыр ғана Президент қолынан марапат алу үшін Ақордаға барғанда дәрі-дәрмек күшімен қалай ­тез жазылып, «аяққа тұрға­нын» өзіне тән әдемі күлкісі­мен шынайы айтып берген еді.

Қаламы ұшқыр, мә­се­лені те­рең­інен толғап көтере алатын қа­рымды журналист Айгүлдің жоспары көп-тін. Әлі де бол­­са ұлт руханиятына бере­рі мол еді. Оның қазасы – бәрі­міз үшін ор­ны толмас өкініш. Отба­сына, туған-туыстарына, шы­ғар­машыл әріптестеріне, қалың жұрт­шылыққа қайғыра көңіл ай­та­мыз. Алланың панасында болсын.

Амангелді МҰҚАН,

өнертану ғылымдарының кандидаты, театртанушы 

Бөлісу:
Мәдениеттің жаршысы да, жанашыры да еді... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар