Еңбек
1 мин оқу 50

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130&nbsp;&nbsp;шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік жұмыс күшін тарту бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішінде бірінші санат бойынша – басшылар мен олардың орынбасарларына 549 рұқсат, ал екінші санат – құрылымдық бөлімшелер басшыларына 2 258 рұқсат берілген. Негізгі бөлігі мамандар мен білікті жұмысшыларға тиесілі: үшінші санатта – 3 786 адам, төртінші санатта – 904 адам. Бұдан өзге, маусымдық жұмыстарға 2 889 шетелдік тартылса, корпоративтік ауысым аясында 3 744 адам еңбек етіп жатыр. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақстанда 1 899 жұмыс беруші шетел мамандарын пайдаланып отыр. Бұл ұйымдарда 348 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді, яғни жалпы қызметкерлер құрамының 96%-ын құрайды.

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4 949 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 930 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 369 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 210 адам», делінген хабарламада.

Шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі мына елдерден келген: Қытай – 5 120 адам, Өзбекстан – 2 478 адам, Түркия – 1 042 адам, Үндістан – 1 031 адам.

Бөлісу:
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар