Ауа райы
1 мин оқу 90

Бүгін ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін ауа райы қандай болады

Күндіз Ақтөбе мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ұлытау және Жетісу облыстарында ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында сынап бағаны 38 градусқа жетсе, Қызылорда облысында аптап ыстық 40 градусқа дейін барады.

Астанада күн ала бұлтты болады. Күндізгі температура +30…+32°C аралығында, түнде желдің екпіні 2-7 м/с, ал күндіз 7-12 м/с шамасында соғады.

Алматыда да күн ала бұлтты. Күндізгі ауа температурасы +31…+33°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында.

Шымкентте күн ашық болып, ауа температурасы +35…+37°C дейін ыстық болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді.

Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар