Әлем
1 мин оқу 200

Ауғанстанда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Ауғанстан аумағында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ Сейсмопрогностикалық мониторинг орталығы хабарлады.</p>

Ауғанстанда жер сілкінді

Зілзала 27 тамыз күні сағат 18:27-де (Ташкент уақытымен) Бадахшан аймағында орын алған.

Эпицентрдегі жер асты дүмпулері 3 балға жеткен.

Жер сілкінісі Өзбекстанның жеті өңірінде және Ташкент қаласында да 2 балдық деңгейде сезілген.

Ал Сурхандария облысының шекаралық аймақтарында 2–3 балға дейін жеткені анықталды.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Ауғанстанда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар