Қоғам
1 мин оқу 50

Ата-аналардың есепшотына 25,3 млрд теңге аударылды

<p style="text-align: justify;">Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы &laquo;Жалпыға бірдей білім беру қоры&raquo; аясында толық қамтылып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ата-аналардың есепшотына 25,3 млрд теңге аударылды

500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтылған отбасылардың балалары, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар.

«Жалпыға бірдей білім беру қоры жыл сайын балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына көмектеседі. Бұл ата-аналарға балаларын мектепке дайындауға мүмкіндік береді және әрбір оқушы үшін тең мүмкіндіктер жасайды. Айта кету керек, аталған қор – мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі», деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Оқу-ағарту министрлігінің мәоліметінше биылғы жылы бір балаға берілетін ең төменгі төлем мөлшері 46 228 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мәслихаттардың шешімімен кейбір өңірлерде жоғарырақ көрсеткіштер белгіленген: Алматы қаласында – 55 000 теңге, Жамбыл облысында – 53 117 теңге, Павлодар облысында – 53 663 теңге.

Айта кетерлігі, 2023 жылдан бері материалдық көмектің көлемі бір балаға 17 мыңнан 46 мың теңгеге дейін 2,5 есеге артты.

Бөлісу:
Ата-аналардың есепшотына 25,3 млрд теңге аударылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар