Оқиға
2 мин оқу 50

Starlink желісіне 7 миллионнан астам адам қосылды

SpaceX компаниясының ғаламдық Starlink спутниктік интернет жүйесі жаңа межеге жетті. Бүгінде жоғары жылдамдықты байланыс қызметін әлемнің 150 елі мен аумағындағы 7 миллионнан астам пайдаланушы қолданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Starlink желісіне 7 миллионнан астам адам қосылды

Starlink жүктеу жылдамдығын 200 Мбит/с-қа дейін қамтамасыз етіп, төмен кідіріс уақытымен ерекшеленеді. Бұл әсіресе шалғай ауылдар мен инфрақұрылымы әлсіз өңірлер үшін аса маңызды. Кабельді немесе талшықты интернет жүргізу мүмкін емес, не экономикалық тұрғыдан тиімсіз жерлерде Starlink ең тиімді баламаға айналды.

Компания кейінгі жылдары Жер орбитасына мыңдаған спутник ұшырды. Қазіргі таңда ғарышта 6 мыңнан астам Starlink аппараты жұмыс істеп тұр, ал жақын жылдары олардың саны бірнеше есеге артады деп күтіліп отыр.

Starlink қызметін тек жеке тұтынушылар ғана емес, авиация, кеме қатынасы, әскери құрылымдар мен төтенше жағдай қызметтері де белсенді қолдана бастады. Әсіресе табиғи апат кезінде жерүсті инфрақұрылымы істен шыққан аймақтарға интернет жеткізу мүмкіндігі аса құнды болып отыр.

Қазақстан да Starlink-ке қосылған. 2024 жылдан бастап елімізде спутниктік интернет ресми түрде қолжетімді болды. Әсіресе шалғайдағы ауылдық аймақтар мен шекаралық елді мекендерде бұл қызметке қызығушылық жоғары. Бұрынғыдай кабель тарту қиынға соғатын өңірлерде Starlink сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігін беріп отыр.

SpaceX алдағы уақытта жабдық бағасын арзандатып, жаңа буын спутниктерін ұшыру арқылы қызмет сапасын одан әрі жақсартуды жоспарлап отыр. Starlink-тің кеңеюі тек интернетке қолжетімділікті арттырумен шектелмей, миллиардтаған адамның цифрлық экономикаға қосылуына және ақпаратқа тең мүмкіндікте қол жеткізуіне жол ашпақ.

Бөлісу:
Starlink желісіне 7 миллионнан астам адам қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар