Аймақтар
3 мин оқу 20

Газ жағатын ауыл көбейіп келеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету &ndash; Үкіметтің басты міндетінің бірі екенін айта келе, жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асыруды тапсырған болатын.</p>

Газ жағатын ауыл көбейіп келеді

Осы орайда биыл Түркістан облысындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 80 жобаны іске асыруға қажетті қаржы қарастырылған. Оның ішінде биыл 37 елді ме­кен­дегі 46 жобаның құрылысы аяқталса, қалған 34 жоба келер жылы жүзеге асады. Елді ме­кен­дер­ді г­аздандыру бағы­тын­да атқа­ры­лып жатқан жұмыстар талқы­ланған жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты тұл­ға­ларға жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындау туралы тапсырма жүктеді.    

«Аудан, қала әкімдіктері тарапынан газ құбыры жүргізілген елді мекендерде абоненттерді толық табиғи газға қосу жұ­мыс­тарын күзгі-қысқы жылыту мау­сымына дейін толық аяқтаңыз­дар. Газ нысандарының құрылы­сын мерзімінде аяқтап, анықтал­ған кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіруді тапсырамын», деді облыс әкімі.

газ

Жуырда, яғни Конститу­ция­ның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мақтаарал ауданында 3 елді мекенге табиғи газ берілді. Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс ауылы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық окру­гіне қарасты Мырзатөбе ауылы және Достық ауылдық окру­гіне қарасты Гүлістан ауылдарын­да газ жағу рәсімінде аудан әкімі Бақыт Насырханұлы тұр­­ғындарды көптен күткен қуа­ныштарымен құттықтады.

«Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының жүктеген негізгі міндеттерінің бірі. Бұл – тек тұрмыстық жағдайды жақсарту емес, сонымен қатар экологияны сақтау, өмір сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам. Бүгін, міне, тағы үш ауылымыз­ға газ беріліп отыр», деді аудан әкімі.

Газ мамандары қауіпсіздікті сақтау бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргі­­зіп, үнпарақшалар таратты. Тұр­ғын­дар жылы лебіздерін біл­діріп, әсіресе көмір тасымалдау, күл шығару, от жағу секілді қиын­дық­тар артта қалғанын, өмір сүру сапасы едәуір жеңілдейтінін айтты. Бүгінгі таңда аудандағы елді мекендердің 75%-ы табиғи газға қосылған. Келер жылдың соңына дейін Мақтаарал ауданын 100% газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

газ

Ал Кентау қаласындағы 18 063 абоненттің 15 750-і, яғни 87,2 пайызы табиғи газ жүйесіне қо­сылған. Сонымен қатар қалаға қа­расты ауылдарды газданды­ру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кентау қаласы табиғи газбен №14 «Қызыләскер» автомат­ты газ тарату стансасы арқылы қам­тамасыз етіледі. «Бей­неу–Шым­кент» магистралды газ құбы­рының 1 230 шақырымын­да ор­наласқан. Бұл нысан 2021 жылы іске қосылған. Құны 4,05 млрд теңге болатын АГТС-тің жал­пы қуаттылығы сағатына 170 200 текше метр болса, бүгінде қаланың орташа тұтыну мөл­шері – 5 000 текше метр. Деген­мен алдағы уақытта тұтыну мөл­шері ұлғаятын болады. Себебі қала аумағын жоғары қысым­мен қамтамасыз ету, шаһарды газдандырудың 3 кезеңі, жаңадан салынған 10 көпқабатты тұрғын үйлер мен Шоқтас елді мекенін «көгілдір отынмен» қамту жұ­мыстары іске асып жатыр. Сондай-ақ Қарнақ ауылына да газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Жалпы ұзындығы 139 шақырымды құрайтын газ құбырының 108 шақырымы жер­астымен, қалған 31 шақырымы жерүстімен жүргізіледі. Бүгін­де газ желісінің 24,2 шақыры­мы тартылған. Ал Ащысай ауылында орталықтандырылған газ жүйесіне қосылатын 336 тұрғын үй бар. Сондықтан жоғары қы­сымды газға қосылу нысаны саналатын Ойық елді мекенінен бастап ұзындығы 19 шақы­рым болатын газ құбыры тартыл­мақ. Арыс қаласы Жиделі елді мекені де табиғи газ жүйесіне қосыл­ды. Осылайша, ауылдағы ­2 мыңнан астам тұрғын от жағып, күл шы­ғарудан құтылды. Бұған де­йін Байырқұм мен Көкжи­де ел­ді мекендері де табиғи газға қо­сылған болатын. Енді Аққала ауы­лына газ келуге тиіс.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-ша­руа­шылық басқармасының мә­лі­метінше, елді мекендерді та­биғи газбен қамтамасыз ету жұ­мыстары жоспарға сәйкес жүр­гізіліп жатыр. Биыл аяқталуға тиіс 46 нысанның 27-і пайдала­ну­ға берілген. Ал 19 нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Жыл қорытындысы­мен 37 елді мекен немесе 73 мың халық табиғи газбен қамтылады. Нәтижесінде, 1,9 млн тұрғыны бар 600 елді мекен «көгілдір отынға» қосылмақ. Одан бөлек, 45 жоба­ға сараптаманың оң қорытын­ды­сы алынып, қаржыландыру үшін мемлекеттік инвестиция­лық жобалар портфеліне енгізілген. Сондай-ақ облыста 50 мыңға жуық тұрғыны бар 39 елді мекенді газбен қамту бойынша 46 жоба әзірленіп жатыр.

Жалпы, облыстағы елді мекен­дерді 2027 жылға дейін газдан­дырудың іс-шара жоспары бекі­тілген. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы газбен қамтылған елді ме­кен­дер санын 765-ке жеткізу көз­де­ліп отыр.

Түркістан облысы 

Бөлісу: