Қоғам
1 мин оқу 130

Елімізде 5,9 млн тонна астық жиналды

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 4,2 млн гектары жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 26 пайызын құрайды. Жалпы 5,9 млн тонна астық бастырылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Елімізде 5,9 млн тонна астық жиналды

Дәнді дақылдардан бөлек, еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірушілері 112,8 мың тонна майлы дақыл, 684,2 мың тонна картоп (гектарына 241,5 центнер), 1,9 миллион тонна көкөніс (286,8 ц/га) және 2 миллион тоннадан астам бақша өнімін (272,6 ц/га) жинады.

Көкөніс түрлерінің ішінде 340,4 мың тонна қырыққабат (374,8 ц/га), 326,9 мың тонна пияз (394,2 ц/га) және 115,7 мың тонна сәбіз (302,9 ц/га) қамбаға құйылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқаны белгіленген мерзімде, агротехникалық талаптарға сай ұйымдастырылып жатыр.

Бөлісу:
Елімізде 5,9 млн тонна астық жиналды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар