Ауа райы
1 мин оқу 90

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Шығыста қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік пен батыста бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстікте күн ашық болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Солтүстік, шығыс және орталықта түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысы, батысы және солтүстігінде, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +20…+22°C, жел 3–8 м/с. Алматыда күн ауыспалы бұлтты, ауа температурасы +23…+25°C, жел 3–8 м/с. Ал Шымкент: күн ашық, күндіз +32…+34°C, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с.

Бөлісу:
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар