Алматыда жұдырықтасатын боксшылар анықталды
<p style="text-align: justify;">5 қыркүйекте Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыстың басты бәсекесінде Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Әли Ахмедов Танзанияның өкілі Джозеф Майгвисиямен (14-4, 10 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бастапқы кардта біз Достанбек Мамұтов, Бауыржан Бекмұрзаев, Фарух Тоқтасынов, Қанат Сангил, Виктор Теміров, Нұржан Серікбаев, Ынтымақ Дәуіт және Ролан Огай сынды жерлестеріміздің өнерін тамашалаймыз.
Негізгі кардты Балауса Муздиман (8-0, 6 КО) бастайды. Спорттық мансабын әуесқойлар арасында бастаған қазақ қызы қазіргі кезде кәсіпқой рингте өзінің мықтылығын мойындатуда. Бұл жолы Балауса үндістандық Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) сайысқа түседі.
Көптен бері көрінбей кеткен Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) филиппиндік Әли Канегамен (12-2-1, 8 КО) айқасады. Ал ең соңғы жекпе-жекте Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) пен Джозеф Майгвисия (14-4, 10 КО) күш сынасады.