Әлем
1 мин оқу 50

Ауғанстанда тағы жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">2025 жылы 5 қыркүйек таңғы сағат 06:30-да (Астана уақыты бойынша) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ауғанстанда тағы жер сілкінді

ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, зілзаланың эпицентрі 34,67° солтүстік ендік пен 70,77° шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы 5,2, энергетикалық класы K=13,0, тереңдігі 142 км болды.

Бұған дейін, 4 қыркүйек күні сағат 21:56-да (Астана уақыты) дәл осы өңірде тағы да жер сілкінісі болған еді. Оның магнитудасы 5,7, энергетикалық класы K=13,8, тереңдігі 92 км деп көрсетілген.

Айта кетейік, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда магнитудасы 6,0 жер сілкінісі тіркелген болатын. Бұл апат елдегі соңғы жылдардағы ең жойқын зілзалалардың бірі болып, мыңдаған адамға қайғы әкелген.

Одан кейін 2 қыркүйекте магнитудасы 5,5 жер сілкінісі құтқару жұмыстарын қиындатып, таулардан тас құлап, шалғайдағы ауылдарға апаратын жолдарды жауып қалған еді.

Ресми мәлімет бойынша, апаттан қаза тапқандардың саны 2200 адамнан асқан.

Бөлісу:
Ауғанстанда тағы жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар