Бокс
1 мин оқу 60
Бүгін әлем чемпионатының шаршы алаңына 2 боксшымыз шығады
<p style="text-align: justify;">5 қыркүйек Ливерпульде әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаһан жарысының күндізгі сессиясында қос боксшымыз бақ сынайды.
57 келіде Карина Ибрагимова грекиялық Панагета Кузилумен жұдырықтасса, 65 келіде Аида Әбікеева Мажарстан өкілі Лука Хаморимен өзара кім мықтыны анықтайды.
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 15: 00-де басталады.
Әлем біріншілігінің алғашқы күні ел құрамасында Элина Базарова өзбек қызынан жеңілсе, Сағындық Тоғамбай англиялық қарсыласынан басым түсті.
Бөлісу: