Мектеп
2 мин оқу 190

Батырда «Келешек мектебі» ашылды

<p style="text-align: justify;">Тұрғындарының саны жағынан өңірдегі ең үлкен Мұнайлы ауданында жаңа оқу жылы басталысымен су жаңа &laquo;Келешек мектебі&raquo; есігін оқушыларға айқара ашты. Бұл оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ортасын құруды мақсат еткен &laquo;Келешек мектептері&raquo; ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан Маңғыстау облысындағы кезекті білім ошақтарының бірі.</p>

Батырда «Келешек мектебі» ашылды

Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың білім саласындағы бастамаларын жү­­зеге асыру шеңберінде Маң­ғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 12 600 орындық 13 мектеп салу жоспарланған болса, қазіргі таңда 9 мектеп салынды.

Қыркүйектің 5-і күні Мұнай­лы ауданындағы Батыр ауылы Хазар шағын ауданында аталған жоба аясында салынған №19 орта мектепте ашық есік күні өтті. Сыйымдылығы 1 200 оқушыға арналған әсем мектеп табалдырығын биыл алғаш рет 155 бірінші сынып оқушысы аттады. Оқу орны өз жұмысын 12 зерттеуші, 21 сарапшы, 57 модератор және 4 жас маманмен бастап отыр.

Мектепте барлығы 61 пән ка­бинеті бар. Оның ішінде роботтехника, STEM, дизайн және технология, визуалды өнер, музыка, үй мәдениеті мен тамақтану мәдениетіне арналған кабинеттер бар. Барлық сынып заманауи жабдықтармен қамтылып, сон­дай-ақ ерекше білімді қа­жет ететін балалар үшін сен­сор­лық бөлме, инклюзивті білімді қолдау кабинеті, сон­дай-ақ мүгедектігі бар оқу­шыларға арналған жедел са­ты қарастырылған. Мектеп қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында ғимарат ішінде 126 бейнекамера орнатылып, ауласында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары жа­сақталған.

– Мұнайлы ауданы жаңа ­оқу жылын лайықты дайын­дық­пен қарсы алды. Жаңа оқу жылы басталысымен су жаңа за­манауи «Келешек мектебі­нің» ашылуы – тұрғындар, ата-аналар мен оқушылар, ұстаз­­дар үшін зор қуаныш. Білім ­­ор­­­дасы – еліміздің білімді, бі­лік­­ті келешегін тәрбиелейтін ­кие­­лі орын болсын деп тілейміз, ­де­­ді Мұнайлы аудандық бі­лім­ ­бө­лімінің басшысы С.Жұбанов.                                                 

 Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Батырда «Келешек мектебі» ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар