Қоғам
1 мин оқу 30

Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді

<p style="text-align: justify;">Ертіс &ndash; Баян өңірінде &laquo;Мектепке жол&raquo; акциясы жалғасып жатыр. Оның аясында 12 мыңнан аса балаға материалдық жәрдем жасалады.</p>

Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді

Өңірлік білім беру басқармасының дерегінше, облыстың 12 мыңнан аса мектеп оқушысы көмекке зәру. Олардың дені – көпбалалы, аз қам­тылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балдырғандар.

 – Акция барысында жүргізілетін негізгі іс-шаралар бар. Олар әлеумет­тік аз қамтылған отбасыларға көмек көр­сету, қайырымдылық шараларын ұйым­дастыру. Демеушілердің есе­бі­нен оқушыларға мектепке қажет­ті құ­рал-жабдықтар, киім, аяқкиім, порт­фель мен кеңсе жабдықтары сатып алынып жатыр. Жергілікті білім бөлімдеріндегі әлеуметтік қорғау қызметкерлері мұқтаж отбасылардың тізімін жасайды. Мектептермен бір­лесе отырып нақты көмекті қажет ете­тін балалар анықталады, – дейді Павлодар облысы білім беру басқар­масы балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Самал Әлімова.

Мамандар акция барысында рейд­тер жүргізіп, жәрмеңкелер ұйым­дастырады. Жәрмеңкелер аудан, қалалардағы базарлар аума­ғында өтіп жатыр. Мұнда оқу құрал­дары мен киім-кешек дүкендерден әлдеқайда арзан бағада ұсынылады.

Ата-аналардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылған. Көмекке мұқтаж отбасылар тұрғылықты жері бо­йынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар