Елімізде жаңа 538 медициналық нысан пайдалануға берілді
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде медициналық инфрақұрылымды жетілдіру және заманауи емдеу әдістерін енгізу бағытында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан бүгінде әлемнің жетекші медициналық орталықтарымен тең дәрежеде бірегей және күрделі операцияларды сәтті орындап келеді. Жүрек пен өкпені алмастыру, сондай-ақ үшжақты айқаспалы бүйрек трансплантациясы жасалатын мемлекеттердің қатарында Қазақстан бар.
Айта кетейік, мұндай жоғары технологиялық оталарды жасай алатын елдер саны әлем бойынша алтыдан аспайды.
Сонымен қатар ми ауруларын емдеу үшін «Гамма-пышақ» технологиясы қолданылады, ал онкологиялық дерттерді емдеуде протондық терапия енгізіліп жатыр.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 655 медициналық нысанның 511-і пайдалануға берілген.
«Бұл нысандар бұрын медициналық объектілермен қамтылмаған ауылдарда, сондай-ақ ескірген және бейімделмеген үй-жайлардың орнына салынуда. Бұл орталықтар 1 миллионға жуық ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтиды», деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Сондай-ақ еліміздегі 36 облыстық аурухана мен 17 перинаталдық орталықта кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар бөлімшелеріндегі төсек-орын саны 38%-ға артқан. 2,1 мыңнан астам медициналық жабдық сатып алынып, жарақтандыру деңгейі 62%-дан 86%-ға дейін өскен.