Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 9,10 және 11 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болаты туралы болжам жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде батыстан келген циклон мен оған байланысты фронттар әсер етіп, ауа райы тұрақсыз болады.
Кей аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, ал 10–11 қыркүйекте орталық пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Сонымен қатар республиканың көптеген өңірінде жел екпіні күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Температуралық режим төмендейді:
- Батыс өңірлерде: түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;
- Солтүстік-батыста: түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік, күндіз +8…+16°С, оңтүстігінде +23°С дейін;
- Солтүстікте: түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;
- Орталықта: түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;
- Шығыста: түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;
- Оңтүстікте: түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.
Айта кетейік, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.