Үкімет
1 мин оқу 70

Кәсіпкерлік жүйесін реттеу талқыланды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған министрліктер мен агенттіктердің өкілдері, іскерлік бірлестіктер мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты.</p>

Кәсіпкерлік жүйесін реттеу талқыланды

Жиында әртүрлі салада реттеу тетіктерін енгізуге қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, мотор майларын таңбалау мен қадағалау жүйесін енгізу мәселе­сі қарастырылды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шара өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын толық қадағалауға мүмкіндік бермек. Цифрлық таңбалау әр тауар бірлігінің жеткізу тізбегіндегі қоз­ғалысын айқын көрсетіп, оның шығу тегі мен қолданылуы жөнінде дәлме-дәл дерек береді.

Сондай-ақ сыра және сыра өнімдерін таңбалау, пести­цидтердің айналымын реттеу мәсе­лелері қаралды. Атап айтқанда, тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (құрамдастыруға) келісім беру тәртібін енгізу ұсынылды.

Комиссия күн тәртібінде электронды және интернет-казино жарнамасына қатысты да мәселе қозғалды. Ұялы байланыс операторлары тарапынан осындай SMS-хабарламаларды таратуға әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылды. Туризм және спорт министрлігінің өкілдері атап өткендей, бұл бастама ойын­ға әуес азаматтардың санын азай­туға және байланыс саласында қыз­мет көрсететін кәсіпкерлердің әлеу­меттік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Отырыстың қорытынды­сында ведомствоаралық комис­сия мемлекеттік органдар мен қатысушылардың ұсыныс-пікір­лерін ескере отырып, барлық мәселе бойынша жасалған реттеу талдауларының нәтижелерін келісті.

Бөлісу:
Кәсіпкерлік жүйесін реттеу талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар