Оқиға
1 мин оқу 90
Вануатуда жер сілкінісі тіркелді
<p style="text-align: justify;">Кеше Гринвич уақытымен 21:47-де Вануату аймағында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. </p>

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, дүмпудің эпицентрі 21,09° оңтүстік ендік пен 173,80° шығыс бойлықтағы аумақта анықталған. Ал жерасты қозғалысының тереңдігі шамамен 10 шақырымды құраған.
Оған дейін Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында магнитудасы 6-ға жеткен жер сілкінісі орын алған еді. Соңғы деректерге қарағанда, аталған апаттан қаза тапқандар саны 2200 адамнан асып отыр.
Бөлісу: