Аймақтар
1 мин оқу 50

Павлодарда пәтеріне SIM-box орнатқан алаяқ қолға түсті

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы пәтерлердің бірінен арнайы жабдық пен телефон карталары орналасқан &laquo;офис&raquo; анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда пәтеріне SIM-box орнатқан алаяқ қолға түсті

Белгілі болғандай, Павлодар қаласының 30 жастағы тұрғыны биылғы жылдың 12 маусымынан бастап SIM-box-ты пайдаланған. Ол Telegram мессенджері арқылы куратордан нұсқаулар алып отырған. Ер адамның міндетіне SIM-карталарды тіркеп, кейін оларды SIM-box-қа орнату кірген. Атқарған жұмысы үшін ай сайын мобильді қосымша арқылы ақша төленген.

-Тінту барысында тәртіп сақшылары 32 слотты SIM-box, MikroTik желілік трафикті басқару құрылғыларын, ұялы телефондар мен ноутбукты тәркіледі. Аталған дерек бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодарда пәтеріне SIM-box орнатқан алаяқ қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар