Бокс
1 мин оқу 100
Виктория Графеева әлем чемпионатында өзбек боксшысын жеңді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Ливерпульде бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің бұл кезеңінде Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып Виктория Графеева шаршы алаңға шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

60 келіде ел намысын қорғайтын отандасымыз жартылай финал жолдамасын өзбекстандық Ситора Турдыбекова қарсы сарапқа салды.
Тартысқа толы жекпе-жекте Виктория Графеева 4:1 есебімен басым болды. Осылайша ол жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі финалға шығу үшін бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа қарсы жұдырықтасады.
Бөлісу: