Оқиға
1 мин оқу 90

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының Іле ауданында металл қабылдау бекеттерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

Облыстық полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір қылмыстық іс қозғалды. Белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты.

«Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі: полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жетті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңға сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.

Бөлісу: