Аймақтар
1 мин оқу 60

«КазАзот» зауыты жаңа жобасын таныстырды

<p style="text-align: justify;">Ақтаудағы &laquo;КазАзот&raquo; зауыты &laquo;KazAzot Prime&raquo; аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жөніндегі жобаны таныстырды. Жаңа өндіріс Қазақстандағы ең ірі химия кешендерінің біріне айналады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«КазАзот» зауыты  жаңа жобасын таныстырды

Жоспар бойынша жыл сайын:660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасы өндіріледі.

Кешенді 2029 жылы іске қосу көзделген. Құрылыста шамамен 1 500 адам жұмыс істесе, пайдалануға берілген соң 700 тұрақты жұмыс орны ашылады.

1

Жобаға АҚШ, Қытай, Жапония және Испаниядан серіктестер тартылады. Өнім ішкі нарықтан бөлек Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне экспортталмақ.

Кәсіпорынның басты ерекшелігі – экологиялық тиімділігі. Мұнда шығарындыларды азайтатын заманауи технологиялар және суды қайта айналымда пайдалану жүйесі қолданылады. Бұл шешімдер қоршаған ортаға түсетін әсерді азайтады.

2

«КазАзот» АҚ - аммиак, азот қышқылы мен аммиак селитрасын өндіретін елдегі жетекші химия кәсіпорны. Шикізат көзі - Шағырлы-Шомышты газ кен орны. «KazAzot Prime» іске қосылған соң, компанияның өндірістік қуаты артып, Қазақстанның әлемдік тыңайтқыш нарығындағы позициясы нығая түспек.

Бөлісу:
«КазАзот» зауыты жаңа жобасын таныстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар