Ауа райы
1 мин оқу 130

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алдағы демалыс күндері  ауа райы қандай болады

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Температуралық жағдайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: елдің шығысында түнде 0-9 градус жылы, күндіз 10-22 градус жылы, елдің оңтүстігінде түнде 10-16 градус жылы, күндіз 17-28 градус жылы, орталықта түнде 1-9 градус жылы, күндіз 12-20 градус жылы», делінген синоптиктер болжамында

Сонымен қатар, солтүстікте, солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасының 12-19 градус жылыға дейін көтерілуі күтіледі. Батыста, оңтүстік-шығыста температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Бөлісу:
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар